Previous Page  221 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 221 / 352 Next Page
Page Background

221

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

Исрайыл ұрпағының азаттығы

Перғауын Исрайыл ұрпақтарын қаншама жылдар

құлдық езгіде ұстап, Оларға көрсетпеген қорлығы

қалмады. Сөйткен перғауын мен оның қалың қолын

теңіз жұтып тынды. Осыны көрген Исрайыл халқы

өз көздеріне өздері сенбеді. Қуаныштан жүректері

жарылуға шақ қалды. Құлдықтан құтылып, азат ел

болғандарына тұңғыш рет көздері жетті.

Олар көп кешікпей қасиетті жер Канғанға қарай

сапар шекті. Олардың ешбірі ата-бабаларының туған

жерін көрмеген болатын. Сол себепті жүректеріндегі

ата жұртқа деген сағыныш әр қадам сайын арта түсті.

Олар жолда Амаликалар өмір сүрген бір елге келді.

Олар сиырға ұқсас биік пұттарға табынатын. Олар

Мысыр елінде де сиырға табынатын халықпен етене

араласқан болатын. Соларды көріп Исрайыл халқы

өткен күндерін еске алып, елсіз қу медиен далада

жүргендеріне қатты қамықты. Бір күні олар хазірет

Мұсаға келіп: «Ей, Мұса! Бізге де осылардың тәңірлері

сияқты бір тәңір жасап бер», – деді. Апыр-ай, бұдан

өткен санасыздық болар ма? Біріншіден, олар хазірет

Мұсаны «Ей, Мұса» деп атын атап, оның лауазымды

атын ұмытты. Екіншіден, перғауынның қылышының

астынан теңізді қақ жарып отырып аман-есен ертіп

өткен құтқарушы пайғамбарларын «бізге тәңір» жасап

бер деп қыспаққа алды. Бұл нағыз арсыздық емес пе?

Мұса пайғамбар (а.с.) қатты ашуланды. «Сендер расын-

да қараңғы елсіңдер. Сендер сол пұтқа табынған елді

шынымен бақытты деп ойлайсыңдар ма? Ол ел көп

ұзамай құрдымға кетіп, жерінің астаң-кестеңі шығады.

Мен сендерге Аллаһтан өзге тәңір іздейін бе? Бұл қай

қылықтарың? Хақ тағала бұл әлемде мерейлеріңді