220
Пайғамбарлар тарихы
тастады. Исрайылұлдары бұл перғауынның жансыз де-
несін өз көздерімен көрді
295
.
Қазіргі таңда Лондонда танымал Британия
мұражайында мумиялар бөлімі бар. Мұнда әлгі
перғауынның сәждеде жатқан денесі халықтың назарын
өзіне аудармай қоймайды. Бұл денені ағылшын зерттеу-
шілері құм астынан тауып алып, Британия мұражайына
қойған. Дене дін аман, дене мүшелері мен ішкі ағзалары
түгел. Тіпті, сарғыш шаштары мен сақалдарына дейін
сақталған. Тағы бір таңқаларлығы дене мумияланбаған.
Әдетте, мумияланатын дененің ішкі ағзалары алынып,
арнайы бальзамдалады. Ал мына денеге ешкімнің қолы
тимеген. Бұл денені көрген адам «30 ғасыр бойы шірі-
мей, қалай сақталған?» деп ойланбауы, ғибрат алмауы
мүмкін емес. Тақтайшаға: «Бұл бағзы заманнан біздің
дәуірімізге дейін бальзамсыз бұзылмай жеткен бірден-
бір мәйіт. Оның сан ғасыр бойы бальзамсыз сақталу
сыры: Мәйіт құм астында қалған кезінде ылғал мол
болған. Құмдағы ылғалдың кебуі мәйіттің бойындағы
судың да сорғуына жағдай жасаған. Құмның бірте-
бірте кебуі нәтижесінде Перғауын денесі де бабы-
мен сүрлене бастаған. Осы үрдістер нәтижесінде бұл
дененің бүлінбей сақталынуынажақсыжағдай туған»
296
,
– деп жазылған. Алайда бұл жорамал ғана. Бұл жора-
малда дұрыс та бар, бұрыс та бар. Анығында, бұл тек
Құранның мұғжизасы, әрі оның ақиқат кітап екеніне
бірден-бір дәлел.
295
Сәғлаби, Қысас, 176; Замахшари. әл-Кәшшаф ән Хақайки
Ғауамизит-Тәнзил. Каир. 1987. ІІ/329; Бәизауи. Әнуар.
ІІІ/213
296
«Иман» діни-танымдық журналы. №4. (69) 2010ж. 15-бет