Previous Page  230 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 230 / 352 Next Page
Page Background

230

Пайғамбарлар тарихы

Хақ пайғамбар он екі рудан он екі адам таңдап алып,

қаланы бақылап келуге жіберді. Оларға: «Сол жерде

көрген ұнамсыз нәрселерді тек өзіме ғана айтыңдар»,

– деп қатаң ескертті. Он екі адамнан Юша ибн Нун мен

Кәлиб ибн Юфанна деген екі адам ғана көрген ұнамсыз

нәрселерін Мұса пайғамбардың өзіне ғана айтып,

халыққа қаланы алу оңай екендігін паш етті. Әйтсе де

қалған он адам өз руларына барып: «Ол жердегі адам-

дар өздерінен екі есе үлкен, қолдары күректей, жауы-

рындары қақпақтай, біздің бірнеше адамымыз олардың

бір адамына ғана шамасы келеді», – деп, жүректеріне

қорқыныш ұялатты.

Мұса пайғамбар елін жинап алып: «Уа, халқым!

Аллаһтың сендерге берген нығметін еске алыңдар! Өз

іштеріңнен пайғамбарлар шығарды, әрі сендерді патша

етті. Сондай-ақ сендерге әлемде ешкімге берілмеген

нығметін берді»

,

деген соң,

«Уа, халқым! Бізге Хақ

тағала перғауынды теңізге батырып, азаттық нәсіп

етті. Ол бізден Қасиетті жерге кіріп, сол жерде жаңа

мемлекет құруымызды қалайды. Ол жер біздің ата-

бабаларымыздың қоныстанған жері», – дейді.

Исрайыл халқы осы жерде өздерінің қыңыр мі-

нездерін тағы да көрсетіп: «Ей, Мұса! Ол жерде

зорлықшыл ел бар. Олар ол жерден шықпайынша, біз

онда әсте кірмейміз. Олар кеткенде ғана кіреміз», –

дейді. Осы кезде олардың араларынан Юша ибн Нун

және Кәлиб ибн Юфанна суырылып шығып: «Қаланың

ең осал жері саналған қақпадан ішке жасырын кіре

алатын болсақ, оларды жеңу оңай, оның үстіне Хақ

тағала бізді қорғайды», – деп халықты жігерлендіруге

тырысты. Осыған қарамастан, Исрайыл халқы басқа

он барлаушының сөздерінен жүректері шайлығып