Previous Page  212 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 212 / 352 Next Page
Page Background

212

Пайғамбарлар тарихы

Сарайда мұсылман болғандардың бірі – хазірет

Әсия. Ол хазірет Мұсаға сәби күнінен қамқорлық

көрсетіп келген. Мұса пайғамбар сарайға келіп дінге

шақырған сәтте-ақ, мұсылман болған еді. Бірақ

Хаман сияқты емес, иман еткенін ашық жария етті.

Уағыз жүргізе бастағанда, Перғауын оған өзінің жары

болғандықтан, жай ғана тойтарыс беретін. Хазірет

Әсия оның бұл тойтарысына құлақ түрмеді. Кейін-

нен перғауын қатты ашуланып, оны әбден азаптап,

көрсетпеген қорлығы қалмайды. Сонда да Әсия өз де-

генінен қайтпады. Қатты қиналған Әсия бір күні Хақ

тағалаға:

«Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір

үй жаса, әрі мені Перғауыннан және оның істегендері-

нен сақта. Сондай-ақ залым елден де құтқар»

289

,

деп

дұға етеді.

Ол шейіт болар алдында жаннаттағы рахатқа толы

орны көрсетіліп, бұл өмірмен күлімсіреп қоштасты.

Хазірет Әсияның Ислам дінінде алар орны ерекше.

Ол бес үлкен пайғамбардың біреуін жастайынан өз ба-

ласындай, шын ықыласымен тәрбиелеп өсірді. Кейін-

нен хазірет Мұса пайғамбар болғанда, ең алғаш иман

келтіргендердің қатарынан орын алып, оған сүйеу

болып, хақ дінді халыққа жаюда ерен еңбек көрсетті.

Мысыр елінің көптеген ер жігіттері перғауынның

қаһарынан қорқып иман келтіре алмай бұқпантайлап

жүргенде, бұл қаһарман әйел сарайда жүріп-ақ өзінің

иман келтіргенін перғауынның алдында жария етіп,

оның көрсеткен барлық қорлығына төзімділік таныта

білді. Бәзбіреулер балалық шағынан Жақып пайғамбар

мен Жүсіп пайғамбар туралы ақиқаттарды естіп өссе де,

әрі өздері солардың ұрпағы бола тұра, хазірет Мұсаның

289

«Тахрим» сүресі, 11