Previous Page  214 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 214 / 352 Next Page
Page Background

214

Пайғамбарлар тарихы

егін даласы мен жайылымдарын түгелдей қырып жеп

кетеді. Мысыр елі олардан құтылудың жолын таппай

шарасыз қалады. Ақыр соңында Мұса пайғамбарға

келіп өлердегі сөздерін айтып уағда қылады. Хазірет

Мұса тағы да дұға қылып, шегірткелер жоғалады да,

кәпір ел тағы да баяғы әніне басады.

Мұнан соң Хақ тағала оларға биттерді жібереді.

Биттер егін атаулыменбүкілбау-бақшаларына құжынап

қана қоймай, адамдардың өздеріне шабуылдап, өне

бойларына қандалаша қадалды. Халық қанша тырысса

да, биттерден құтыла алмай, қайта Мұса пайғамбардың

алдына келуіне тура келеді. Алайда дұға қабыл болып,

биттен құтылған кәпір ел қайта әуелгі әуеніне басты.

Хақ тағаланың пәлесі мен нәубетінен құтылған жан

болған ба дүниеде?! Сол пәлекеттің артынша Мысыр

еліне құрбақалар қаптады. Құрбақаның кірмеген есігі,

ұяламаған төрі қалмады. Олардың құрылдаған дауыста-

рынан мысырлықтар күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеді.

Ақырында хазірет Мұсаға тағы да жалынып - жалпайып

пәледен құтқарсаң, «иманға келеміз» деп ант-су ішті.

Алайда дұға қабыл болып, пәледен құтылғанда, олар

тағы да екі жүзділікке басты.

Жаббар Ие бұдан соң оларға үлкен азап жіберіп,

Ніл өзенін қанға айналдырды. Мысырлықтардың негіз-

гі су көзі осы Ніл еді. Бір күні олар таңертең тұрғанда,

Ніл өзенінің қып-қызыл қан болып ағып жатқанын

көріп, ақыл-естен айырыла жаздады. Қаладан ішерге

бір тамшы су таба алмады. Сол күндері күн де қатты

ысып, кәпір ел шөлден қаталап, су іздеп шартарапты

шарлады. Құдықтан алған сулары да қанға айналғанын

көргенде, шарасыз қалды. Бұл тек кәпірлер үшін ғана