Previous Page  213 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 213 / 352 Next Page
Page Background

213

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

мұғжизаларын көре тұра «әлі де күмәндарым бар» деп,

тілін кәлимаға келтіре алмай жүргенде, бұл әйел хазірет

Мұсаның бір ауыз сөзінен-ақ жүрегі жылып иманға

келді.

Һәм хазірет Нұхтың, хазірет Лұттың жарлары

пайғамбардың әйелі бола тұра иман келтірмегенде,

бұл әйел өзін тәңір санаған «шынжыр балақ, шұбар

төс» асқан жауыз перғауынның әйелі бола тұра бірден

иманға келді. Сол себепті бұл әйелдің Исламдағы орны

биік.

Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бірде: «

Жаннат

әйелдерінің бибілері – Хадиша, Фатима, Мәриям және

Әсия

» – десе, басқа бір хадисте: «

Әйелдердің ең із-

гілері мына төрт әйел: Мәриям, Әсия, Хадиша және

Фатима

»

290

– дейді.

Хақ тағала перғауын мен оған табынушылар

иманға келмеген соң, ескерту мақсатымен Мысыр еліне

қуаңшылық жіберді. Бірақ олар: «Бізді сиқырлау үшін

қанша мұғжиза келтірсең де, бәрібір саған иман келтір-

мейміз», – деп қасарыса түсті.

Осыдан барып Мысыр елін сел басты. Бір күні

Ніл өзені аяқ астынан тасып қаланы су алып кетті.

Мысырлықтар қатты қорқып Мұса пайғамбарға келіп,

Хақ тағаладан дұға тілеуін өтінді. Егер алда-жалда

осыдан дұға қабыл болып бәрі бұрынғы қалпына келетін

болса, бірден иманға келетіндерін айтып сөз берді. Хақ

пайғамбар дұға етіп еді, Ніл арнасына түсіп, сахараға

жауын жауып, егін мол өнім берді. Алайда кәпірлер

осыдан кейін де сөздерінен тайып кетеді.

Көп ұзамай Хақ тағала бұл елге шегіртке жібереді.

Сансыз шегірткелер бүкіл қаланы басып қана қоймай,

290

Ахмад ибн Ханбал, 1/293; Хаким, Мустадрак, 3-том. 160-бет