Previous Page  205 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 205 / 352 Next Page
Page Background

205

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

зынданға тастаймын»

285

,

– деп қорқытты. Хазірет

Мұса: «Егер саған пайғамбар екендігім туралы айқын

дәлелдер көрсетсем не дейсің? Сонда да осы пікіріңнен

танбайсың ба?» – дейді. Перғауын іштей оның дәлел

көрсететіне сенбеді. Өзі де сарайдың уәзірлері мен

ақсүйектері алдында хазірет Мұсадан жеңіліп нақты

жауап бере алмай отыр еді. Осы арқылы жеңіп кетемін

деп ойлап: «Ал қане, көрейік, сөзің рас болса. Қандай

дәлел, қандай мұғжизаң бар еді?» – дейді. Сол кезде

Мұса пайғамбар қолындағы аса таяғын жерге тастап

жібергенде, ол сол заматта үлкен жыланға айналып

шыға келеді. Түрі сұп-суық жылан бір орнында тұрмай

ирелеңдеп оңды-солды қозғалып ысылдап тұрды.

Мынадай түсі суық жыланды бұрын-соңды көрмеген

сарайдағылар қорыққандарынан тұрған жерлерінде

жүректері жарылып кете жаздады. Хазірет Мұса осыдан

кейін қолын қойнына тығып қайта суырып еді, қолы нұр

болып жарқырап айналаға сәулесін шашты. Іштей өзіне

сенімді болып отырған перғауын мына мұғжизаларды

көргенде, аузына құм құйылып, біразға дейін «ләм-

мим» деместен, үнсіз отырып қалды. Оның үстіне әлгі

жыланның от болып жанған көздері көз алдынан кетер

емес. Ол тағынан түсе қалса, шағып алатындай көрініп,

денесі мұздап сала берді. Бірақ өз абыройын сақтап қалу

үшін, дереу есін жиып, айналасына қарап: «Беу, шіркін

десеңші! Мынау барып тұрған сиқыршы ғой. Бәсе, ма-

надан бері мұны сөйлетіп тұрған қандай күш, несіне

бәлсініп тұр десем, жат жерде жүріп түрлі сиқырлық

пен көзбояушылықты үйреніп келіп, сол арқылы біздің

басымызды айналдырып, мына туған жерімізден қуып

шыққалы қамданып жүрген кешегі қашқын Мұса екен

285

«Шұғара» сүресі, 23-29