Previous Page  330 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 330 / 352 Next Page
Page Background

330

Пайғамбарлар тарихы

рәсімдерін көрсеткеннен кейін жиналған халыққа

Арафат пен Мина тауында соңғы хұтбасын оқыды. Бұл

хұтба Ислам тарихында «қоштасу хұтпасы» деп аталды.

Онда былай делінді:

«Ей, адамдар!

Айтқаныма зер салыңдар. Бәлкім, биылдан соң сен-

дермен бұл жерде қайта жүздесе алмаспын.

Халайық!

Бүгінгі күн, осы ай, мына қала (Мекке) қаншалықты

қасиетті болса, мал-жандарың, ар-намыстарың да

соншалық қасиетті, зорлық атаулыдан қорғалған.

Уа, сахабаларым!

Раббыларыңмен қауышатындықтарың хақ және

осы дүниедегі бүкіл амал-әрекеттерің үшін жауап

беретініңдеріңді де біліңдер. Мен кеткеннен кейін баяғы

бітпейтін ұрыс-керіске, дау-дамайға қайта бой алды-

рып, бір-біріңнің қандарыңды төгуші болмаңдар. Осы

өсиетімді естігендер естімегендерге жеткізсін. Бәлкім,

естімеген адам менің осы сөздерімді естіген адамнан да

жақсы түсініп, жадында сақтауы мүмкін.

Уа, сахабаларым!

Қолдарыңда әлдебіреудің аманаты болса, қылдай

қиянат жасамай, басы бүтін иесіне табыстасын.

Аллаһтың әмірімен бұдан былай өсіммен пайда

табуға тыйым салынды. Надандық жайлаған кезеңінен

қалған бұл әдет мұнан былай жойылуға тиіс. Алғашқы

болып өзімнің көкем Аббастың өсімінің жойылғанын

айтпақпын.

Уа, халқым!

Қараңғылық кезеңінен қалған қан дауына да

осы жерде нүкте қойылды. Бірінші болып атам