331
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
Әбдімүттәліптің немересі, немере ағайыным Рәбианың
қан дауын жойдым.
Уа, жарандар!
Бүгіннен бастап шайтанМеккеге ықпал ету күшінен
мәңгілікке айрылды. Діндеріңді қорғау үшін менің
тыйған нәрселерімнен тыс ұсақ істерде де шайтанға
еруден сақ болыңдар.
Уа, адамдар!
Әйелдердің ақысын аяқ асты етпеңдер. Аллаһтан
қорқыңдар. Әйелдеріңді Аллаһтың аманаты ретінде әрі
нәзік жаратылыс иесінің ар-намысын қорғауға Аллаһ
атымен сөз беріп, адал жар ретінде алдыңдар. Сендердің
әйелдеріңнен талап ететін, әйелдеріңнің де сендерден
талап ететін хақысы бар. Сендер одан ақ некеге
опасыздық жасамауды талап етуге құқылысыңдар.
Әйелдің ақысын өтеуге міндеттісіңдер, яғни олардың
ішіп-жемін, киім кешегін қамтамасыз ету сендердің
міндеттерің.
Уа, мұсылмандар!
Сендерге киелі аманат тастап барамын, соны толық
ұстансаңдар ешқашан адаспайсыңдар. Ол аманат –
Аллаһтың кітабы – Құран.
Уа, мұсылмандар!
Сөзіме құлақ қойып, зерделеңдер! Мұсылман –
мұсылманға бауыр. Олай болса барлық мұсылмандар
бір-бірінің (діндес) бауырлары. Діндес бауырларыңның
ақысын жемеңдер.
Уа, сахабаларым!
Тіпті өз - өздеріңе де қиянат жасамаңдар, оның да
сұрауы бар.
Уа, адамдар!