333
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
тұлғасы мен мінез-құлқы турасында да деректер
сақталған. Атап айтқанда:
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаратылысы мен мінезі
тұрғысынан адамдардың ең кәмілі еді. Ол орта бойлы,
екі алақаны мен екі жауырынының (екі иығының) арасы
кең, толық та, арық та емес болатын. Көздері қара,
кірпіктері ұзын болатын. Бұрылса, бүкіл денесімен
бұрылатын. Саусақтары салалы, екі алақаны етті, сүйегі
ірі, кеуделі, мығым, қайратты еді. Терісі тымжұмсақ-ты.
Қастары қалың, бір-біріне қосылмайтын. Екі қасының
ортасында бір тамыры болатын, ренжігенде білеуленіп
кететін. Қыр мұрынды, сақалы қалың, дөңгелек жүзді,
қызыл шырайлы, жүзінен нұр тамып тұратын. Екі
жауырынының ортасында пайғамбарлық мөрі болатын.
Маржандай тізілген мүбәрак тістері аппақ, асыл тастай
жарқырап, сөйлегенде алдыңғы тістерінен нұр шашы-
рап тұратын. Денесінен хош иіс аңқып тұратын еді. Тер-
легенде де одан әдемі иіс шығатын. Біреуге қол беріп
амандасса, Пайғамбарымыздың мүбарак қолын алған
адам,оның алақанында қалған ыстық табын сезініп,
күні бойы көңілі шат жүретін. Мүбәрак қолымен бір
сәбидің басын сипаса, ол өзге сәбилерден хош иісімен
ерекшеленіп шыға келетін.
Аса сезімтал еді. Алыстағыны еститін, адамның
көзі жетпейтін қиядағыны шалатын. Қимылдағанда аса
шабан да, шапшаң да емес орташа болатын. Жүргенде
жеңіл адымдап, шапшаң жүретін. Бос сөз сөйлемейтін,
әрбір сөзі хикмет, насихат еді. Жылы жүзді, майда
тілді болатын. Ешкімге жаман сөйлемейтін, ешкім-
ге жамандық жасамайтын, ешкімнің сөзін бөлмейтін.
Жұмсақ мінезді, кішіпейіл, айбатты әрі байсалды еді.
Қатты күлмей, тек жымиятын. Қарағанда көз қырымен