338
Пайғамбарлар тарихы
жақсы қарауды және намазға селсоқтық танытпауды
өсиет етті.
Дәл осы сәтте ұлы Абдуррахманды ертіп Әбу
Бәкір (р.а.) кірді. Пайғамбарымыздың назары Әбу
Бәкірдің қолындағы мисуакқа ауды. Оның мисуак-
ты жақсы көретінін білетін парасатты Айша анамыз
Пайғамбарымыздың мисуакты қалап тұрғанын дереу
сезіп: «Қаласаңыз мисуакты алып берейін?» деп
сұрады. Ол басын изеп келіскендігін білдірді. Ол мису-
акты алып, жарына бермек болды, алайда мисуак құрап
кеткендіктен қатты болып шықты. Сол себепті, хазірет
Айша (р.а.): «Мүмкін мен оны жылы суға салып, сізге
жұмсартып берермін» деген ұсыныс жасады. Ол келіс-
кендігін білдіріп тағы да басын изеді. Айша анамыз
дереу мисуакты аузына салып жұмсартты да жарына
берді. Аллаһтың елшісі оны алып, маржандай тістерін
ысқылай бастады. Тіпті, мына өмірмен қош айтысып,
бақилыққа кетіп бара жатып та ол тісін тазалады. Ара-
сында «Лә илләһа иллә Аллаһ» деп Аллаһты ұлықтап
жатты.
Хазірет Айша (р.а.) оның қолын ұстап, сауығуы
үшін дұға тілемек болды. Пайғамбарымыз оның қажет
емес екенін көзқарасымен сездірді. Шын тұрағына
кетіп бара жатқан сәтте осы жерде қалуды сұраудың
орынсыз екені түсінікті болды. Сондықтан ол қолын
тартты. Саусағын жоғары көтеріп, биіктегі бір нүктеге
қадала еріндері қимылдады. Мұсылмандардың анасы,
пайғамбардың адал жары хазірет Айша анамыз оның
не айтып жатқанын тыңдау үшін еңкейіп құлағын
тосты. Ол болса тынымсыз былай күбірлеумен болды:
«Пайғамбарлармен, шейіттермен, адал құлдарыңмен
бірге Мені де кешір! Өзіңнің мейірімің түскендермен