336
Пайғамбарлар тарихы
мыңдаған шақырымға созылған шөлейтті мекендеген
халықтардың руаралық қақтығыстарын тоқтатып, аз
уақыттың ішінде бір байрақ, бір ата заң, бір дін мен
мәдениеттің төңірегінде біріктіруге қол жеткізді.
Ол ғылым-білімде кенжелеп қалған елдің ойлау
мәдениетін қатып қалған, әдеттері мен мінез-
құлқын өзгертті. Надандықты ғылыммен, тағылықты
мәдениеттілікпен алмастырып, мейірімсіз, қатал адам-
дарды Жаратқаннан қорқатын, мейірімді де турашыл-
дыққа баулыды. Асау тұлпардай жұлқынып, бағыну
дегеннің не екенін білмейтін жандарға заңға мүлтіксіз
бағыныштылықты үйретті. Қандай істі қолға алса да
асықша иіріп әкететінол қазіргі таңдамыңдағанпедагог,
философ, психолог пен социологтардың жүз жылдар
бойы жасай алмайтын ісін ширек ғасырға жетпейтін
аз жылдың ішінде мінсіз атқарып шықты. Ғасырлар
бойы арасынан тарихта артынан із қалдырған бірде-бір
даңқты адам шықпаған бір қауымды Аллаһ тағаланың
қолдауы арқылы ғылымда, руханиятта, адамгершілік-
те, саясатта, әскерлікте және кез келген әлеуметтік
салада барлық кезеңдердің данышпандарының ұстазы,
жүректердің жол бастаушысы және төрткүл дүниеге
мәдениеттің туын тіккен, адамзат тарихының ең ізгі
қоғамына айналдырды.
«Мені Раббым тәрбиеледі, бойыма ең көркем тәрбие
сіңірді»
422
деген Ғаламның рақым нұры (с.а.с.) өзі
құрған мемлекетті басқарған кездің өзінде де о бастағы
кішіпейілдіктен танбай, қарапайым ғұмыр кешті. Ши
төсекте жататын. Жұпыны киініп, азға қанағат етіп
көбінесе аш жүретін. Саманнан жасалған қараша үйді
мәсе тұтты, үмбетінің ең кедейіндей күн кешті. Түндерін
422
Ибн Сағыд, Табақат, 1\158; Халаби, Сира, 1\164