334
Пайғамбарлар тарихы
қарайтын. Сахабаларды алдына жіберіп, өзі соңында
жүретін. Кімге болса да бірінші болып сәлем беретін.
Туған-туыстарын құрмет тұтатын, үй-іші, сахабалары-
мен жақсы қарым-қатынаста болатын. Қызметшілерін
жақсы көретін, өзі не ішсе, не кисе, қызметкерлеріне
де соны ішкізіп, соны кидіретін. Қолы ашық, мейірімді,
мәрт мінезді еді. Уәдесіне берік-ті
418
.
Сахабаларымыздан Әнас ибн Малик (р.а.) Пай-
ғамбарымыздың (с.а.с.) бұл қасиетін былайша еске
алған болатын: «Он жыл бойы Аллаһ елшісінің
қызметінде жүрдім. Сол он жылдың ішінде маған «түһ»
деп ешқашан кейіс білдірмеді. Істеген бір ісіме «Неге
оны солай жасадың?» деп, я болмаса істемеген бір ісіме
«Соны істеуің керек емес пе еді?» деген емес»
419
.
Оның тақуалығы жайында Айша анамыз (р.а.)
былай дейді:
«Бірде Аллаһ елшісі маған: – Уа, Айша, бүгінгі түнді
раббыммен өткізуіме рұқсат етесің бе? – деді. Мен: –
Уа, Аллаһтың елшісі, сізбен бірге болу, әрине маған
ұнайды, дегенмен көңіліңіз нені қаласа, соны артық
деп білем» дедім. Айша (р.а) анамыздың келісіміне ие
болған ол дәрет алды да намазға тұрды. Сол түні таң
атқанша сақалын жас жуып намаз оқыды»
420
.
Бір жолы сахабалардан Ибн Мәсғуд (р.а.) нәпіл
намазда Аллаһ елшісіне ұйып, ғибадат қылады.Өзі
онысын былай жеткізеді:
«Артынан келіп намазға ұйыдым. Екі рәкат нәпіл
намаз ұзақ оқыды. Алғашқы рәкатта «Бақара» сүресін
аяқтағанда рукуға баратын шығар деп ойладым. Ол
418
Әз пайғамбар. Ә. Дербісәлі. Көкжиек. А. 2008
419
Бұһари, Әдаб, 39
420
Ибн Кәсир, Тәфсирул-Құранул-азим, 2\164