Previous Page  329 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 329 / 352 Next Page
Page Background

329

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

хазірет Әбу Бәкір (р.а.) қолындағысының бәрін әкеліп

ортаға салды. Дәулетті хазірет Осман да (р.а.) аянып

қалмады. Тіпті әйелдер де әшекей бұйымдарына дейін

әкеліп, мұсылманға тән жанашырлықтарын көрсетті.

Сол уақыттар елді жайлаған жұтқа қарамастан,

сахабалардың зор ықыласымен қиындықтарды жеңе

отырып жасақталған бұл әскер Ислам тарихында

«Жәйшул-ұсра» (Көмекпен жасақталған әскер) деген

атпен қалды. Сахабалар барын сарқып ықылас танытып

жатқанда, екіжүзділер керісінше күннің ыстықтығын,

аштықтың тауқыметін, жолдың алыстығын алға тартып,

түрлі сылтау іздеп, соғысқа бармаудың амалдарын

қарастырып бақты. Тіпті басқаларға да кері насихат-

тап, барғызбауға әрекет жасады. Олар туралы Құранда

былай делінді:ً

وَقَالُواْ لاَ تَنفِرُواْ فِي الْحَرِّ قُلْ نَارُ جَهَنّمَ أَشَدّ حَرّا

«Олар мына ыстықтажолға шықпаңдар дейді. Сен

оларға былай де: жаһаннам оты бұдан да ыстық»

415

.

Мұсылман әскері бір ай бойы жол жүріп Тәбукке

жетеді. Тәбукте жиырма шақты күн тапжылмай

күткенімен жаудың қарасы көрінбеді. Мутада үш

мың мұсылман әскерін мүшріктердің жеңе алмағанын

білгендіктен болар, Византиялықтар бастарын қауіп

қатерге тікпеді.

Қоштасу хұтбасы

622 жылы Аллаһ елшісі қажылыққа дайындалады.

Мұны естіген халық Меккеге ағылады. Меккеде бұрын-

соңды мұншалықты көп адам жиналмаған еді. Олардың

саны жүз мыңға жетті. Пайғамбарымыз қажылық жасау

415

«Тәуба» сүресі, 81 аят.