Previous Page  337 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 337 / 352 Next Page
Page Background

337

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

ұдайы Жаратқанға жалбарынып, дұға оқумен өткізетін.

Мұң-мұқтаждар мен кедей-кепшікке қол ұшын беруге

асығатын. Елмен бірге қара жұмыс істеуден арланбай-

тын. Кез-келген адам онымен еркін сөйлесе алатын.

Жұрттың қайғысына қайғырып, қуанышына қосыла

қуанатын. Ерекше болуды көңілі қаламай, елмен қоян-

қолтық араласып бірге жүретіндігі соншалық, бұрын

көрмеген адамдар келе қалса, халықтың арасынан оны

тани алмай қалатын. Бірде бір бәдәуи келіп «Мұхаммед

деген қайсың?» деп сұраған кезде, сахабаларына жүгіріп

қызмет жасап жүрген Пайғамбарымыз

«Бір елдің бас-

шысы

солардың қызметіндегі жан»

деп, Исламның

өміршең ұстанымын көрсетіп кеткен-ді»

423

.

Ұлы Досына сапар шегуі

Өмірінің соңғы күндерінде Аллаһ елшісі (с.а.с.)

қатты сырқаттанды. Бір күні екі сахабасының

сүйемелдеуімен мешіт маңында үйіріліп тұрған

жұртшылықтың алдына шығып былай деді: «О,

халайық! Естуімше, Пайғамбарларыңыздың ажал сәті

тақағанына алаңдаулы көрінесіздер. Қай пайғамбар

мәңгі жасап еді?! Сөзсіз менің де көп жүрмесім белгілі.

Көп таусыла бермеңіздер! Мен Жаратушымның қасына

кетемін және сіздер де түбі Соған қайтасыздар!».

Бейсенбі күнгі оқыған ақшам намазы оның

жамағатпен оқыған ең соңғы намазы болды. Бұдан

былайғы намаздарды Әбу Бәкірдің оқытуын өтінген

еді.

Айша анамыздың отауына оралады. Ол алдында

айтқандарын бұл жолы да қайталап, әсіресе әйелдерге

423

Тәлімі мінсіз тәлімгер хазірет Мұхаммед (с.а.с.). ҚМДБ

журналы. Көкжиек баспасы. 2010