Previous Page  341 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 341 / 352 Next Page
Page Background

341

Қорытынды

Қорыта келгенде, алғашқы пайғамбар әрі адамзат-

тың түп атасы Адам атадан (а.с.) бастап, адамзаттың

ардақтысы, соңғы елші Мұхаммед Мұстафаға

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

дейінгі пайғамбарлардың баршасын көк

жүзінде нұр шашып жарқыраған жұлдыздарға теңеуге

болады. Өйткені олардың қай-қайсысы да нар көтере

алмас жүкті жалғыз арқалаған тау тұлғалы ерекше

жандар еді. Асқан шыдамдылық, төзімділік, өз міндеті-

не кіршіксіз адалдық, қиындыққа мойымау, табандылық

таныту, ыждаһаттылықтан таймау, күллі көркем мінез-

ді бір бойында жинақтай білу – міне бұлардың барлығы

да пайғамбарларда ғана кездескен ерен қасиеттер екені-

не көз жеткізе түсеміз.

Өмірде ең үлкен қиындықтарға пайғамбарлардың

ұшырағаны жүректі қозғап, көңілді тебірентпей

қоймайды. Бұл ақиқатты жеткізу ісінің қандай үлкен

тәуекелді қажет ететінін ұқтырғандай. Айталық,

Нұхтың (а.с.) 950 жыл сабыр етуі, Ибраһимнің (а.с.)

алаулап жанған отқа лақтырылғаны, Зәкәрияның

(а.с.) арамен кескіленгені, Мұсаның (а.с.) зұлымдығы

асқан Перғауынмен айқасуы, талай мәрте қауымынан

опасыздық тартуы, Исаның (а.с.) көрген қиындықтары

т.б. пайғамбарлық міндеттің аса ауыр болғандығын,

көп жағдайда соңы аяусыз өлімге апарып соққанын

көрсетуге жетіп артылады. Бұндай сынақтарға

жай адамдардың шыдай алмасы белгілі. Демек,