343
Пайғамбарлар тарихы
сөйлеткен мәліметтердің де негізінен Құранға сүйенуі
сондықтан.
Пайғамбарлар тарихымен таныс болу адамды
көп жайға қанықтырады. Ежелгі уақытта бұндай
қауымдардың болғаны, жаппай қырғынға ұшырап
жер бетінен жойылғанын көп жылғы зерттеулер,
қазіргі археологиялық қазба жұмыстары да растай
түсуде. Тариха атышулы Бомбей, Содом мен Гомора
қалаларының (Лұт пайғамбар кезі) расында да
азғындықта шектен шыққандығы зерттеу кезінде
табылған қабырғаларға қашап салынған бейәдеп сурет-
терден анықталған. Мұсаның (а.с.) Аллаһпен тілдескен
Тұр тауы, ондағы құдіретке шыдай алмай балқыған
тастар, аса таяғымен ұрғанда, жерден бұрқақтаған он
екі бастау – әлі күнге туристердің барып тамашалай-
тын орындары. Адам атаның қолымен тұрғызылған
Қағба да миллиондаған мұсылмандар үшін әлі күнге
өз қасиеттілігін сақтауда. Құранның «Жүсіп» сүресінің
111-аятында
«Ант етейік, олар жайлы қиссаларда сау
ақыл иелері үшін ғибраттар бар»
делініп, мәңгілік
азап арқалаған көне қауымдардың жағдайы кейінгілер-
ге ғибрат екендігі ескертілген.
Пайғамбарлар өмірі адамзат тарихында наным-
сенімнің де қаншалықты маңызды болғандығын
аңғартады. Байқасақ, дінсіз жекелеген адамдар кез-
дескенімен өзіне тән наным-сенімі жоқ тұтастай
бір қауымды ұшырата алмаймыз. Пұтқа табыну,
бұзауға табыну, періштелерді Аллаһтың қыздары деп
білу, отқа табыну, суға, күнге табыну секілді негіз-
сіз нанымдардың барлығы да пайғамбарлар арқылы
жөнге салынып, түзетіліп отырған. Бүкіл пұт атаулыны
қиратқан Ибраһимнің (а.с.) оқиғасы пұтқа табынушы-