Previous Page  342 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 342 / 352 Next Page
Page Background

342

Пайғамбарлар тарихы

пайғамбарлардың таңдаулы кісілер болғаны, ерекше

іріктелгені даусыз.

Пайғамбарлардың қай-қайсысы да өз міндетін

мүлтіксіз атқарып, өз мақсатын толық орындап кетті.

Пенделерді барша әлемдердің Раббы Аллаһ тағалаға

құлшылық етуге шақырып, жәннатпен сүйіншілеп,

тозақтан сақтандырды, көркем мінез-құлықпен үлгі

көрсетті. Сол үшін қоғамдық өмірдің барлық сала-

сына ат салысып, түрлі оқиғалардың басы қасында

жүрді. Дүниеге құмартпай, дін жолында бар күш-

жігерін аямады, Раббыларына толықтай мойынұсынды.

Аллаһтан қандай әмір келсе, соны қауымына жеткізді.

Қандай игі бастама көтеріп, қандай да бір жақсылық

жасаса да, олар бұл іс үшін ақы күтпеді, тек қана

Аллаһтың разылығын көздеді. Осы тұрғыда нәбилердің

барлығы ортақ жүкті арқалағанын аңғарамыз. Дінді

жаю жолында жан төнгісіз ауыртпалықтарға тап болу,

елінен үдере көшу, қауымының келек-мазағына ұшырау

бұлардың ешбірі де дін ісін ортажолдан үзуге себеп бола

алмады. Өйткені ұлы күрескерлер үшін халықтың көзін

ашу, надандықты жеңу, құдіретті Аллаһты дәріптеу,

тәухид сенімін ұялату бәрінен жоғары тұрды.

Кітапта кеңінен сөз етілген Адам ата, Ыдырыс,

Нұх, Һұд, Салих, Ибраһим, Исмайыл, Ысқақ, Лұт,

Әйюб, Жақып, Жүсіп, Шұғайып, Мұса, Харун, Дәуіт,

Сүлеймен, Илияс, Әлиасаъ, Зүлкифл, Жүніс, Зәкәрия,

Яхия, Исалардың (а.с.) тар жол, тайғақ кешумен өткен

өмір жолы – баршаға үлгі. Әрбірінің өмір тарихы,

қауымдасқан тұрмыс тіршілігі, мұғжизаларға куә

болуы, түрлі сынақтарға ұшырауы оқиғалары соңғы

елші Мұхаммед пайғамбарға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

әркез

тұп-тұнық уахи арқылы баяндалып отырған. Біз