Previous Page  113 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 120 Next Page
Page Background

113

Пайғамбарларға иман

құндылықтарына ие болмағандықтан, оның орнын ра-

ционализм, позитивизм, т.б. сияқты философиялық

бағыттар басты. Осылайша дінге де пайғамбарлыққа да

көзқарас өзгерді.

Аллаһ тағаланың заңдылықтарын былай ысы-

рып қойды. Пайғамбарымыздың келудегі басты

мақсаты – өзінен бұрын келген елшілердің жеткізген

заңдылықтарын қайыра еске салу еді.

Сонымен қатар, адамзатқа иман мен құлшылықты

өзгелерге толығымен түсіндіріп, Аллаһқа жақындау

жолдарын көрсету, ақиқаттан бұра тартатын зұлымдық

сияқтыжаман қасиеттерден арылуына көмектесу. Олар-

ды жақсылыққа шақыру, жауапкершілігін ескерту және

Ұлы Жаратушыға деген мойынсұнудың мән-маңызын

ұқтыру еді.

Пайғамбарлардың әрбір ізгі амалдарында тек

Аллаһтың разылығы ғана көздейді. Пайғамбарлардың

салып кеткен сара жолымен жүрген адамдар қиялға

берілмей, дүние қумай, бір-бірімен таласып-тартыспай,

тату-тәтті тақуалы болып өмір сүрген.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, иманның бір

бөлігін құрайтындықтан пайғамбарларға сенім, оларды

жақыннан тану бүгінгі күні де аса маңызды. Әсіресе,

он сегіз мың ғаламға нұрын шашып, күллі адамзат пен

жындарға пайғамбарлық атқарған Аллаһ тағаланың

сүйікті елші Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу

алейһи уәсәлләм) пайғамбарлық болмысын зерделеу,

әрбір тағылымды ісінен үлгі алу әрбіріміз үшін ауа-

дай қажет. Пайғамбар – өмірде Аллаһтың әміріне сай

дұрыс жол көрсетуші десек, ал бұны елемей өздігінен

жол таппақ болғандардың адасатыны сөзсіз.