110
Пайғамбарларға иман
үміттерінен мүлдем көз жазып қалады»
,
278
– деген
аятты оқыған еді.
Демек, истидраждың астарында менмендік,
тәкаппарлық, көзбояушылық жатқандықтан оны кере-
метпен шатастырмау керек.
Сонымен қатар, кейбір адамдардың ұзақ уақыт
бойы нәр татпай аш жүруін, қып-қызыл шоқты жалаң
аяқ басып жүруін, ұзақ уақыт бойы демін алмай су
түбінде жатуын, денелеріне істікпен сұққылауын да ис-
тидраж деуге болады.
И
ханәт
Иханәт – «төмендету» деген мағынаны білдіреді.
Яғни, бойын күпірлік пен пасықтыққа алдырған
адамның ғажайып көрсетемін дегенде амалының
керісінше іске асуы. Мәселен «мен пайғамбармын» де-
ген Мүсәйләматул кәззаб (жалған пайғамбар) мұғжиза
көрсетпек болып, бір көзі көрмейтін адамның жанарын
емдеймін деп жүріп, керісінше екінші көзін де соқыр
етеді. Тағы бірде Мүсәйләматул кәззаб құдықтың суын
көбейтемін деп ішіне түкіреді. Алайда, мұнысынан
түк шықпайды, керісінше құдықтың суы тартылып
қалады.
Демек, ғажайып деп кереметті ғана айта алады
екенбіз. Өйткені бұл ғажайыптар иелерінің турашыл
екендігін растайды. Ал сиқырға келсек, оған дінімізде
үзілді-кесілді тыйым салынған.
278
«Әнғам», 6/44