111
Пайғамбарларға иман
Қ
орытынды
Ұлы Жаратушының әрбір ісі даналыққа толы.
Аллаһ тағала жаратылған сан мыңдаған тіршілік ие-
лерін, көк пен жерді белгілі бір міндетпен жарат-
ты. Сонымен қатар, Хақ тағала күллі болмыстың не
үшін жаратылғандығын, олардың кімге және қайда
оралатындығын, нендей жауапкершіліктері бар екен-
дігін көрсету мақсатында пенделеріне елшілер жібер-
ді. Келген елшілер адамдардың ойлау қабілеттеріне
қарай Ұлы Жаратушының сипаттары мен көркем есім-
дерін, құлшылықтың негіздерін, Жаратылыстың мән-
мағынасын, олардың қыр-сырымен түр-түсін және жа-
ратылу мақсатын түсіндірді.
Шариғат бұйрықтарын баршаға баян етпестен
бұрын өмірінде жалған сөйлемеген жандарды таңдап,
соларға уахи еткен.
Таңдалған елшілердің барлығы көркем-мінезімен
ар-намыстың үлгісі және сенімді тұлғалар бола білді.
Олардың әрбір әрекеті ақиқат, сөздері тура,
құлшылықтары шынайы ықыласпен кемелденген.
Бұл тұлғалар Хақты түсіндірумен қатар, жеке немесе
жалпыға тән мәселелерді оңай шешетін. Тіпті дүниелік-
ақыреттік мәселелерде де адамның сана-сезімін
қанағаттандыратын қабілетке ие болатын.
Иә, барлық пайғамбарлар – адам баласын осы
дүниеде және ақыретте бақытқа бөленуі жолында
сенімді жолбасшы, Аллаһтың жаратқан көркем жара-
тылыстарын насихаттаушы. Жүректі шел боп жапқан
жаман әдеттерден арылтып, оның орнын көркем мінез,