Previous Page  112 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 120 Next Page
Page Background

112

Пайғамбарларға иман

игі қасиетпен толтырған. Олардың жүрегі иманға толы,

Хаққа сенімі мол және айтқан сөздеріне берік жандар.

Ақиқатқа көздері ашылып көкірегіне сәуле

түскен, кемелдіктің шыңына шыққандар осы аталмыш

елшілердің еңбегімен, Аллаһтың қалауымен шынайы

бақытты тапты.

Пайғамбарлар Аллаһтан келген мағлұматтар-

ды қаз-қалпында жеткізіп отырған. Тек жеткізіп қана

қоймай, өздері де әмір етілген негіздерге сай өмір

сүрген.

Пайғамбарды жіберу әрі таңдау Аллаһқа ғана

тән. Осы тұрғыдан қарағанда Аллаһтың жаратқан

әрбір ісі хикметке толы. Пайғамбарлар мына дүниеге

тән қажеттіліктерді адамдармен (ішіп-жеу, ұйықтау,

т.б.) бөлісіп, өз өмірімен сезінген, бастарына келген

қиындықтарға төзген және артынан ілескендерді ақиқат

жолына жетелеген таңдаулы жандар. Пайғамбарларды

тек тарихтағы даңқы жер жарған жай тұлғалар, яғни өз

дәуірінің тарихи тұлғалары ғана деу әбестік әрі оларға

деген құрметсіздік болады. Өкінішке қарай, мұндай әбес

көзқарастар қазіргі таңда да кездесіп жатады. Тарихқа

көз жүгіртсек, пайғамбарларды тек арадағы шабар-

ман кейпінде көріп, олардың маңызын төмендетпек

болғандар да кездескен.

Пайғамбарымызға дейінгі адам баласы иләһи

заңдылықтармен қоса Аллаһтың жіберген елшілерінің

сөздерін және ізгі амалдарын сол қалпында сақтай ал-

мады. Нәтижесінде адамдар материалдық һәм рухани

тұрғыдан бақытсыз ғұмыр кешті. Соңғы елші хазірет

Мұхаммедтің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

келуімен адам баласы

бақытқа бөленді. Өкініштісі, пайғамбардың сөзіне құлақ

аспағандар да болды. Мысалы, Батыста иләһи діннің