Previous Page  107 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 120 Next Page
Page Background

107

Пайғамбарларға иман

М

әғунәт

Мәғунәт –«жәрдем», «жеңілдік»дегенмағыналарға

келеді. Көркем мінез және ізгі амал иесінің бойы-

нан көрінетін кейбір ғажайыптар. Яғни, қандай да бір

мұсылманның басына түскен қиындықтардан неме-

се қауіп-қатерден (Хақ тағаланың жәрдемімен) оңай

құтылуы. Бұл Аллаһ тағаланың өз құлына жасаған

жеңілдігі болып табылады.

Бірақ, бұл жеңілдік яғни, ғажайып жағдаят олардың

керемет немесе мұғжиза екендігіне ишарат болып та-

былмайды.

И

стидраж

Истидраж – «мерзім беру» деген мағынаға келеді.

Яғни мүмін емес адамның қалауы бойынша іске асқан

таңғажайып жағдаяттар.

Аллаһ тағалаға қарсы шығуда тым шектен шыққан

адамның өзіне берілген (мал-мүлік, табыс және

денсаулық сияқты) нығметтерге шүкіршілік етпестен

жамандықтарға бас ұрып (бастарына келетін пәлекеттің

кешігуін қайыр санап) оны одан әрі жалғастыруы. Алай-

да, бұл Аллаһтың күнәһар пендесіне берген истидражы

(мерзімі) ғана.

Аллаһ тағалаға бас иген тақуа жандардың болғаны

сияқты, керісінше сенбейтін, тіпті Хақ тағалаға қарсы

шыққан адамдар да болған.

Бұлардың біріншісін тақуа әулие жандар десек,

екіншісін жын-шайтандардың арбауына құл болған

«шайтанның әулиелері» деген дұрыс.

Хақ тағала өзінің сүйікті әулие құлдарына кейде

табиғат заңдылықтарынан тыс ғажайыптар сыйлайды.

Мұны ислам терминологиясында «керемет» дейді.