104
Пайғамбарларға иман
Сонда оларды ғасырлар бойы терең ұйқыға бөледік.
Сосын екіге бөлініп қанша уақыт қалғанын анықтау
үшін оларды ояттық»
,
267
– деп баяндалады.
Керемет – пайғамбарға, оның әкелген діні мен жо-
лына жан-тәнімен берілудің жемісі.
М
ұғжизаның кереметтен жоғары тұруы
Әһли сүнна ғұламалары мұғжизаға мынадай
анықтама берген. Мұғжиза – өзінің пайғамбар екендігін
жар салған және мойындамағандарға қарсы Аллаһ
тағаланың пайғамбарына берген, өзге адам баласының
қолынан келмейтін (адамның дәрменсіз екендігін
мойындатқан) табиғат заңдылықтарына бағынбайтын
таңғажайып іс.
268
Бұл жерден мұғжизаның мына екі ерекшелігі
байқалады. Әуелгісі – адамдарға өзінің пайғамбар екен-
дігін паш ету, екіншісі – адамның мұғжизаның алдында
«дәрменсіз екендігін мойындату».
Демек, мұғжиза тікелей Хақ тағаланың демеуі-
мен іске асады. Пайғамбарлардың осындай мұғжиза
көрсетуіне келсек, бұл олардың Хақ тағаланың сенімді,
турашыл елшісі екендігінің бірден-бір дәлелі.
Ал керемет болса, мұғжизадан бөлек. Өйткені,
әулие жандар пайғамбарлар сияқты өздерін әулиемін
деп жар сала алмайды.
269
Жар салған жағдайда ол әулие
болып саналмайды.
Мұғжизаның шынайы болуы үшін мынадай шарт-
тар керек:
267
А.Унал, Қуран мәалі, «Кәһф», 18/9-12, (639)
268
Тафтазани, Шархул Ақайд ән-Нәсәфия, Кайр, 1939, 459-
460-б; Журжани, Шархул Мауақиф, ІІІ/177.
269
Жәлал әд-Дәуани, Шархул Ақайдил-Адудия, ІІ/277