Previous Page  100 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 120 Next Page
Page Background

100

Пайғамбарларға иман

арасындағы мына қыссада да ғылым-білімнің дамуына

қатысты кейбір ишараттар берілген.

Хазірет Сүлеймен Бәлқысқа тосын сый жасамақ

болады. Бәлқыс орта жолда келе жатқанда уәзірлерін

шақыртып «Кім маған Бәлқыстың салтанатты тағын

алып келеді», – дейді. Сонда жындардың бірі (Ифрит):

«Мен бір сағаттың көлемінде алып келемін. Айтсаңыз

болды», – деді. Сол кезде затты бір жерден екінші

жерге көзді ашып-жұмғанша жеткізу ілімін меңгерген

(Кітап ғылымына ие) уәзірлерінің бірі: «Қаласаңыз,

қас-қағым сәтте Бәлқыстың салтанатты тағын

Шамдағы сарайға жеткізейін», – дейді. Дем арасында

Аллаһ тағаланың құдіретімен тақ лезде сарайға жет-

кізіледі. Сөйтіп, Бәлқыс Шамға жеткенше тағы өзінен

бұрын келіп қойған еді. Тіпті тақтың айналасындағы

адамдардың да дауыстарына шейін естілді. Бәлқыс бұл

мұғжизаға таңырқанып; «О, Раббым! Мені мейіріміңе

бөлеп, күнәларымды кеше гөр. Сен мейірімділердің

мейірімісің», – депиман етті. БұлСүлейменпайғамбарға

берілген мұғжиза еді. Йемен мен Шамның арасының

қашықтығы екі мыңшақырымнан астам болады. Бұл аят

ұзақ қашықтықтағы дауыс пен бейненің көрінетіндігіне

тұспал жасай отырып, Ей, басқарушылар! Егер де білік-

ті басшылықты қаласаңдар, хазірет Сүлеймен сияқты

бағынышты адамдардың қабілет қарымы мен шалғай

аймақтарды тануға тырысыңдар. Бұған қоса «Ей, адам-

дар! Құлыма үлкен аумақты басқаруға бердім. Ол

әділеттілікті орнатуға талпынды. Бұған қоса, құлыма

іздену қабілетін де бердім. Олай болса, жатпай-тұрмай

ізденіңдер. Шалғай жақтарға барыңдар. Құлшылық мін-

детті де толық орындаңдар»,

264

– дейтіндей. Бұлардың

264

Суат Йылдырым, Қуран кәрім мәалі, Стамбул, 1998