97
Пайғамбарларға иман
перғауынның сәждеде жатқан денесі халықтың назарын
өзіне аудармай қоймайды. Бұл денені ағылшын зерттеу-
шілері құм астынан тауып алып, Британия мұражайына
қойған. Дене дін аман, дене мүшелері мен ішкі ағзалары
түгел. Тіпті, сарғыш шаштары мен сақалдарына дейін
сақталған. Тағы бір таңқаларлығы дене мумияланбаған.
Әдетте, мумияланатын дененің ішкі ағзалары алынып,
арнайы бальзамдалады. Ал мына денеге ешкімнің қолы
тимеген. Бұл денені көрген адам 30 ғасыр бойы шірі-
мей, қалай сақталған? деп ойланбауы, ғибрат алмауы
мүмкін емес. Бұл тек Құранның мұғжизасы әрі оның
ақиқат кітап екеніне бірден-бір дәлел.
Ибраһим пайғамбардың бөлшектеген құсқа
қайтадан жан бітіру мұғжизасы туралы:
«Бірде Ибраһим: «Раббым! Өлікті қайтып
тірілтесің,мағанкөрсет»деді.Аллаһ:«Мағансенбейсің
бе?», – деді. Ибраһим: «Әрине, сенемін, бірақ (егжей-
тегжейлі көрейін) жүрегім орнықсын», – деді. Аллаһ
тағала: «Олай болса (түрлі) төрт құс ұста, оларды
өзіңе үйрет әрі бүкіл ерекшеліктерімен таны. Сосын
оларды сойып бір-бірімен араластыр. Кейін әр таудың
басына әрбірінің бір бөлшегін қой. Сонан кейін оларды
шақыр; дереу саған жетіп келеді. Күдіксіз Аллаһтың
өте үстем хикмет иесі екенін біл», – деді».
260
260
«Бақара», 2/260