92
Пайғамбарларға иман
1. Уахидың ақиқат түс (Руия-и садықа) арқылы ке-
луі. Бұл бүкіл пайғамбарларға келген уахидың ең жеңіл
түрі. Пайғамбарлар ақиқат түстері арқылы уахи алған.
Олардың көздері ұйқыда, ал жүректері ояу болған.
Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
келген алғашқы
уахи осылай басталған еді.
2. Уахидың жауапты періште Жәбірейіл арқылы
келуі. Пайғамбарымыздың жүрегіне тікелей уахидың
келуі сияқты.
3. Уахиды әкелген періштенің адам бейнесінде
келуі. Жәбірейіл періштенің Дыһия ибн Халифа әл-
Кәлбидің (р.а.) бейнесінде келгеніндей.
248
4. Уахидың қоңырау үніне ұқсайтын түрде келуі.
Бұл уахидың ең ауыр түрі екендігі айтылады.
5. Жәбірейіл періштенің тікелей өз бейнесінде
уахи әкелуі. Жәбірейіл періштенің Хира тауында және
Миғражда Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өз бей-
несінде көрінгеніндей.
249
6. Аллаһ тағаламен тікелей тілдесу. Пайғам-
барымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Миғражда, Мұсаның
(ғ.с.) да Тур Сина тауында дәнекерсіз Аллаһ тағала-
мен тілдескеніндей.
Мінеки, сол сияқты пайғамбарлық пен уахи бір-
бірінен ажырамайтын екі маңызды ұғым. Уахисыз
пайғамбар және пайғамбар да уахисыз болуы мүмкін
емес. Пайғамбар міндетті түрде уахиға арқа сүйейді.
М
ұғжиза
«Мұғжиза» сөзінің этимологиясын қарастырсақ ол
араб тіліндегі «ажәзә» сөзінен тарайды. Яғни, «шара-
248
Бухари, Табир, 33, Фитән, 26, Әнбия, 48; Муслим, Иман, 271
249
«Тәкуир», 81/23; «Нәжім», 53/13-14