90
Пайғамбарларға иман
Құранда Аллаһтың бал арасына, Мұсаның анасы-
на, Исаның Хауарилеріне, періштелерге, жерге және
аспанның жеті қабатына уахи етілгендігі айтылады,
бұдан «уахи» сөзінің кеңінен қолданылғанын көреміз.
243
Соныменқатар, «уахи» сөзінің терминдікмағынасы
– Аллаһ тағаланың адамдарға білдіретін иләһи әмірі,
жарлығы мен тыйым салуы және басқа да барлық ха-
барларынЖәбірейіл періште арқылы яки бізге беймәлім
жолмен тікелей пайғамбарларына жеткізуі.
Уахи тек Мұхаммед пайғамбарға ғана емес, Адам-
нан (ғ.с.) бастап күллі пайғамбарларға келген. Бұл ту-
ралы Құранда:
«Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға
уахи еткеніміздей саған да (Мұхаммед) уахи ет-
тік. Ибраһимге, Исмайылға, Ысқаққа, Жақыпқа,
Жақыптың ұрпақтарына, Исаға, Әйюб, Жүніс, Һарун
және Сүлейменге де уахи еттік. Дәуітке Забурды
бердік»
,
244
–дейді.
Бұған қоса,
243
«Нахыл», 16/68; «Қасас», 28/7; «Мәида», 5/111; «Әнфал»,
8/12; «Зілзәл», 99/5; «Фұссилат», 41/12
244
«Ниса», 4/163