86
Пайғамбарларға иман
Қ
ұрандағы мұғжизалар:
М
иғраж
Құран:
«Құлын (Мұхаммедті) бір түні өзіне белгілерімізді
көрсету үшінМәсжид Харамнан біз айналасын мүбәрак
қылған Мәсжид Ақсаға апарған Аллаһ әр түрлі кем-
шіліктен пәк. Шәксіз, Ол естуші, білуші»
228
және
«Ол жақындап төмендеді. Тіпті (қатар қойылған)
садақтың екі басының арасындай әлде жақынырақ.
Сонда Аллаһ құлына уахи ететін нәрселерін көкейіне
салды. Оның көзінің көргенін көңлі жалғанға
шығармады»
,
229
– деп Жәбірейіл періштенінің өз бей-
несінде уахи әкелгендігіне және миғраж түніне ишара
етуде.
621 жылы ережеп айының 26-нан 27-не қараған түні
пайғамбарымыз Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әл-Харам
мешітінен (Мекке қаласында Қағбаны айнала қоршай
орналасқан) Құддыстағы әл-Ақса мешітіне (Палестина
өлкесінде, Құддыс қаласында орналасқан), ол жерден
миғражға, бір түнде жеті қабат көкке денесімен әрі ру-
228
«Исра», 17/1
229
«Нәжім», 53/8-11