Previous Page  84 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 84 / 120 Next Page
Page Background

84

Пайғамбарларға иман

анасының туысы Умми Харам бинти Милһанның (бір

риуаят бойынша Аллаһ елшісінің сүт анасы, басқа

риуаятта анасына туыс болғандықтан, нағашы әпкесі)

алдағы уақытта соғыс сапарына қатысатындығын

220

айтуы тұп-тура шықты.

221

Бәдір шайқасының алдында

мүбәрак қолымен кейбір жерлерді ишарат етіп:

«Мынау – Әбу Жәһилдің өлетін жері, анау – Утбәнің,

мынау – Шәйбәнің, ал мына жерге Уәлидтің өлігі

тасталады...»,

деп, діннің қас дұшпандарының

осы соғыста қай жерде жан тапсыратынын қолмен

қойғандай айтып беруі және сол айтқанының айнымай

келуі оның пайғамбарлығын замандастарының көзінше

паш еткен бір дәлел болды.

222

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

немересі Хасанды меңзеп: «

Бұл менің балам

Хасан, ол мырза. Аллаһ онымен екі үлкен жамағатты

татуластырады

»,

223

– деген еді. Арада ширек

ғасырдан соң пайғамбарымыздың айтқандары келді.

Хазірет Әлиден кейін Әмәуилер Хасанға қарсы шықты.

Жанжалға жаны қас Хасан (р.а.) барлық міндеттерінен

босағанын жария етіп, бір-бірімен айқасуға шақ қалған

Ислам әскерлерін татуластырып, уақытша болса да,

қорқынышты бүліктің бетін қайтарған еді.

224

Эфиопия патшасы Нәжаши қайтыс болған күні

пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сахабаларына:

«

Бүгін бауырларыңыздан бірі қайтыс болды. Кәнеки,

намаз оқиық»

225

деп жаназа намазын оқыған еді.

220

Бухари, Табир, 12; Муслим, Имаре, 160

221

Ибн Хажәр, Исабә, ІV/441

222

Муслим, Жәннат, 76-77

223

Бухари, Сүлһ, 9; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, V/49

224

Ибн Кәсир, әл-Бидайа, 8/45

225

Бухари, Жанаиз, 55