Previous Page  82 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 120 Next Page
Page Background

82

Пайғамбарларға иман

«(Уа, Мұхаммед) Оларға былай де: Жанымда

Аллаһтың қазынасы бар демеймін. Ғайыпты да біл-

меймін. Әрі сендерге мен бір періштемін деп те айт-

паймын. Ментек өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін...»

211

деген осы аят сөзімізді растай түседі. Сонымен қатар,

«Ол барлық ғайыпты біледі. Ғайыптың сырын

ешкімге ашпайды. Тек қалаған пайғамбарына ғана біл-

діреді. Бұған қоса Раббтан келген хабарларды айна-

қатесіз, толық жеткізу үшін Аллаһ өз елшісінің ал-

ды-артына бақылаушылар қояды. Негізінде, Аллаһ

құлдарында не бар, не жоғын ілімімен жақсы біледі,

барлық нәрсені жеке-жеке жазып қойған»

,

212

– деп

пайғамбарымызға ақиқатты Аллаһтың өзі білдіретін-

дігін айтуда.

Адамның «Аллаһ елшісі ғайыпты толық біледі»

деуі – астамдық, ал, «білмейді» деуі – нұқсандық.

Өйткені ғайыпты өздігінен емес, Аллаһтың қалауымен

ғана біле алатын. Пайғамбарымыз өздігінен еш нәрсе

айтпайтын. Айтқанының бәрі де уахи арқылы жет-

кен Аллаһтың хабары еді. Аллаһ тағала ғайыпты тек

пайғамбарға ғана емес, айтып өткеніміздей кейде үмбет

арасындағы салиқалы, жүрек көзі ашық жандарға да

керемет

213

ретінде ғайыпты білдіре алады. Бұл жайлы

211

«Әнғам», 6/50; Қосымша қараңыз: «Ағраф», 7/188

212

«Жын», 72/26-27

213

Әулие адамдардың жаратылыс заңына кереғар ғажайыптар

көрсетуі.