Previous Page  77 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 77 / 120 Next Page
Page Background

77

Пайғамбарларға иман

білгенде бәрі де қуанды. Біз соның берген үкіміне біра-

уыздан разымыз десті. Аллаһ елшісі «Дереу кең мата

әкеліңдер» деді. Әкелінген мата жайылып, ортасына

қара тас қойылды. Барлық тайпалардың басшылары

сол матаның шетінен ұстап, қара тас қойылатын жерге

жеткізілді. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қара тасты

алып, өз қолымен орнына көтеріп қойды. Осылайша ол

тұтанып кетейін деп тұрған қақтығыстың алдын алды.

Өйткені, бәрі де оның ешкімге қылдай қиянат жасамай-

тын адал екендігіне қалтқысыз сенетін.

Сөзге өте жауапкершілікпен қараған Пайғам-

барымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

пайдасыз нәрселерді сөз

еткеннен гөрі көбіне үндемдеуді жөн санайтын. Керек

кезінде байыппен ғана сөйлейтін. Сөздері өтемағыналы,

тыңдағанға тез әсер ететін. Сахабалар оның аузынан

шыққан әрбір сөзді қалт жібермей жаттап алуға тыры-

сатын. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өзі маңызды деп

санаған сөзді үш мәрте қайталап айтудан жалықпайтын.

Көбіне тек езу тартып, жылы шыраймен жымиып қана

күлетін. Ешкімнің айыбын бетіне баспай, қажет кез-

де ескерту ретінде жалпылама айтатын. Дұғаларында

үнемі жауқаулықтан, арсыздықтан, пайдасыз ілімнен,

қорқақтық пен сараңдықтан сақтай гөр деп тілейтін.

Бір бәдәуи шапанынан жұлқи тартып «Ақымды

берсеңші?!» дегенде, оның бұл ессіз қылығына Аллаһ

елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ашуланбаған. Бар болғаны

жай ғана «Сұрағанын беріңдер» деген. Өйткені кешіріл-

мейтін қателіктерді де кешіре білетін тым кешірімді

болған.