Previous Page  75 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 75 / 120 Next Page
Page Background

75

Пайғамбарларға иман

дәлелдеп берді. Өйткені Аллаһтың мейірімділігі мен

рақымдылығына тамаша өкілдік етті. Оның дүниеге ке-

луімен әлемнің мәні ашылып, жасампаздықтың үлгісі

паш етілді.

Аллаһ тағала Құранда:

«Шын мәнінде сен, әлбетте, ұлы мінезге иесің»

,

207

– деп Пайғамбарымыздың бойындағы қасиеттерінің

мұсылман үмбетіне үлгі екеніне назар аудартқан.

Хазірет Мұхаммедтің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

көркем мі-

незділігіне мына бірқатар оқиғалар куә.

Ол өте кішіпейіл еді. Көбінесе мешітке келгендер,

пайғамбардың кім екенін біле алмайтын, Аллаһ расу-

лы сөйлей бастағанда ғана сезетін. Хижрат заманында

хақ Пайғамбарды көрмеген мәдиналықтардың көбісі

сол күні Әбу Бәкірдің (568-634) қолын сүюге ұмтылған

еді. Бірақ ол қолына желпуіш алып Пайғамбарымызға

қарай желпи бастағанда барып, Аллаһ расулының кім

екені аңғарылған. Өйткені Алла расулы

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

өзін Әбу Бәкірден ерекшелейтін ешқандай бір

қылық көрсетпеген.

Айша (613-678) анамыз бұл турасында бы-

лай деген: «Алла елшісі өз үйінде жүргенде де

қарапайымдылығынан аумайтын. Өз киімін өзі жуып,

аяқ киімдерін жөндейтін. Үй істерінде әйелдеріне

көмектесетін».

Аллаһ расулы қарапайым ғана тұрмыс кешті.

Хазірет Омар (р.а) (585-644) бір күні үйіне келген кез-

де, Пайғамбарымыздың тым жұпыны жағдайын көріп,

жылап жіберді. Себебі сұралғанда, ол:

207

«Қалам», 68/4