Previous Page  74 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 74 / 120 Next Page
Page Background

74

Пайғамбарларға иман

Қаламмен жазуды үйретті. Ол, адамзатқа білмеген

нәрсесін үйреткен»

,

205

– деп алғашқы уахиді жеткізеді.

Соңғы пайғамбар келер кезде араб түбегі ғана емес,

күллі адамзат ең ауыр кезеңді бастан кешуде еді. Адам-

зат наным-сеніміне қарай жік-жікке бөлініп, ымыраға

келмей ыдырап, алауыздықтың оты өршіп тұрған кезі.

Адамгершілік аяқасты болып, күштілер әлсіздерге күн

көрсетпей, қанын сүліктей сорып, зар қақсатқан заман

болатын. Міне, осы кезде Аллаһ тағала сүйікті құлы

Мұхаммедке

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

пайғамбарлық міндет-

ті жүктеді. Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

халқына дінді

тәблиғ ете бастады. Халықты Аллаһтың жалғыздығына

сенуге шақырды. Дінді насихаттау барысында

сенімді серіктерімен бірге адам баласы төтеп беруі

неғайбыл көптеген қиыншылықтарды бастан өткізді.

Пайғамбарлықтың он үшінші жылында Мәдинаға

хижрет етті. Қарулы қақтығыстарға қарамастан,

Пайғамбарымыз өз міндетін толық орындап, табыспен

аяқтады.

632 жылы Пайғамбарымыз артына Аллаһтың

сөзі мен сүннетін қалдырып, бақиға аттанды.

Пайғамбарлардың келу тізбегі осымен толық

аяқталды.

К

емелдіктің үлгісі хазірет – Мұхаммед (с.ғ.с.)

Құранда:

«Біз сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік»

206

деп айтылғандайАллаһ елшісі осы ақиқатты өз өмірімен

205

«Алақ», 96/1-5

206

«Әнбия», 21/107