Previous Page  79 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 120 Next Page
Page Background

79

Пайғамбарларға иман

шыңына жетіп, кемеңгер қолбасшы, ұлағатты ұстаз,

т.б. болған бір-ақ адам бар. Ол – Мұхаммед Мұстафа

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

.

Адамзат тарихында жиырма үш жылдық аз ғана

уақыт ішінде, Ислам діні толық түсіндірілді. Ислам

діні әуелгіде бір ер адам, бір бала және бір әйелмен

басталған еді. Бүгінгі тілмен айтқанда, педагогикалық

әдістемеге сүйенетін кәсіби, әскери тәрбие және

телескоп, микроскоп сияқты адамның ойы түгілі түсіне

де кірмейтін құрал-жабдықтардың бірі жоқ сол заманда

ештеңеге қарамастан Ислам дінін әлемге паш еткен

Мұхаммедті

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

пайғамбар демегенде

кім дейміз?

Айтуға ауыз бармайтын қатыгездіктің белең алып,

зұлымдық пен тағылықтың қараңғылығы тұмшалаған

дәуірде пайғамбарымыз Мұхаммедтің

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

дәнекерлігімен тәрбиеленген, адамзаттың үлгі

тұтар ең асыл тұлғалары осы жерден өркен жайды.

Санасын шырмаған қанына сіңісті бұрынғы

нанымдарынан арылып, ақиқат жолға түсу оңай дүние

емес. Ішімдік, құмар, зина, пара және алдау-арбау

сияқты нашар әдеттерді сөз етпей ақ қоялық... қазіргі

таңда шылымқор адамға темекіні тастатудың өзі үлкен

күш. Әлем ғалымдары жабыла дабыл қағып, бірауыздан

оның зиянын қанша айтса да, зиянды әдеттерге бой

алдырғандардың темекіні де, ішімдікті де қойып

жатқаны шамалы.

Сүйікті

пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи

уә

сәлләм)

кез-келген істе саңыраудың өзін саңлаққа

айналдыратын сүйіспеншілікті бірінші кезекке қойған.

Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігі тек айналасына

шоғырланған нұр жүзді үркердей топқа ғана емес,