Previous Page  85 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 120 Next Page
Page Background

85

Пайғамбарларға иман

Сахабалар мұсылмандардың арасынан орын алған

Кузманның ерлігін пайғамбарымызға айтқанда «ол

тозақтық» дейді. Сахабалар қапелімде түсінбей қалады.

Соғыс соңында ауыр жарақат алған Кузман «Мен Аллаһ

үшін соғысқан жоқпын» деп жарақатын ауырсынып

өзіне қол жұмсаған еді. Сахабалар пайғамбарымыздың

сөзінің төркінін сонда барып түсінеді.

226

Өзінен шамамен 2500 жыл бұрын өмір сүрген

Мысыр перғауынының денесі кейінгі ұрпаққа ғибрат

болсын деп, теңізден жағалауға жаңқадай шығып

қалатынын, бұзылмай сақталатынын Аллаһ тағала

Құранда айтып кеткен еді.

Бұл жайында Құран кәрімде:

«Сенен кейінгіге үлгі болу үшін денеңді (жансыз

түрде) құтқарамыз. Расында, адамдардың көбі аят-

тарымыздан хабарсыз»

,

227

дейді.

Расында да 1881

жылы патшалар қабірінен Перғауынның тәні табылып

көпшілікке ғибрат ретінде Англияның мұражайына

қойылды.

Міне, осы сияқты ғайып хабарларды пайғамбар тек

Аллаһ тағаланың білдіруімен ғана білген.

Мұхаммедтің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Аллаһтың

рұқсатымен ғайыптан және болашаққа қатысты осын-

дай көп хабар беруі оның пайғамбарлығына дәлел

болмақ.

226

Бухари, Мағази, 38; Ибн Хишам, Сирә, 2/171

227

«Жүніс», 10/92