91
Пайғамбарларға иман
«Саған бұл Құранды уахи ету арқылы өзіңе көне
әңгімелердің ең жақсысын баян етеміз»
,
245
– деп
Құранның уахи арқылы түскендігі баяндалады.
У
ахидың келу түрлері
Құранда:
«Аллаһ бір адамға уахижолымен ғана немесе перде
артынан, не болмаса бір елші жіберіп өз рұқсатымен
оған қалаған нәрсесін уахи етеді»,
246
– деп уахидың келу
жолдарын үш түрге бөледі.
1. «Аллаһ бір адамға уахи жолымен», – яғни, Хақ
тағала пайғамбардың жүрегіне дәнекерсіз уахи салуы.
Мұндай уахи пайғамбардың өңінде де, түсінде де келуі
мүмкін. Пайғамбар да мұның Аллаһтан екенін біледі.
2. «Перде сыртынан» пайғамбарына уахи етуі.
Аллаһ тағала Мұсамен (ғ.с.) Тұр тауында тікелей тіл-
дескен.
3. «Бір елші жіберіп өз рұқсатымен оған қалаған
нәрсесін уахи етеді». Аллаһ тағала уахиды Жәбірейіл
періште арқылы пайғамбарларына білдірген.
247
П
айғамбарымыз хазірет Мұхаммедке
(c.ғ.с.) келген уахидың түрлері
Пайғамбарымызға уахи мына төмендегі мәрте-
белермен келген:
245
«Юсуф», 12/3
246
«Шура», 42 /51
247
А.Унал, Қуран мәалі, Шура, 42/51 (1059)