95
Пайғамбарларға иман
көруге болады. Олай дейтініміз дәл сол сияқты, бірақ,
соңғы технологиямен «Уайт Стар Лайн» атты кеме
қатынастары компаниясының арнайы тапсырысымен
жасалған «Титаник» кемесінің өзі 1912 жылы 1500-ден
аса жолаушысымен болмашы кедергіге төтеп бере ал-
май, 3218 метр терең тұңғиыққа батып кеткен еді. Ал
Нұх пайғамбар жасаған кеменің топан суға төтеп бе-
руін мұғжиза демей, не дейміз?!
Ал Мұса (ғ.с.) дәуірінде өмір сүрген перғауынның
денесінің осы күнге дейін шірімей сақталуы да өз алды-
на бір мұғжиза.
Теңізге батып бара жатқан перғауын:
«Исрайлұлдары иман келтірген Аллаһтан басқа
тәңірінің жоқ екеніне мен де иман еттім. Мен де
мойынсұнушылардан болдым»
,
255
– деп жан дауысымен
айқай салған еді.
Алайда, перғауын өмірінің соңына дейін ақырет
үшін шырпы басын сындырмаған, тек осы дүниенің
күйін күйттеп тәкаппар өткен болатын. Өз қара басының
қамын ғана ойлайтын, мына дүниеніңқызығына тоймай-
тын. Демек, оның суға батып бара жатқандағы айтқан
сөзі (иман келтіруі) де тек жанын аман алып қалу үшін
өзін көр еткен соқыр үмітке малданып, тал қармағаны
шығар. Немесе перғауын жаны алқымына келгенде де
шынайы сенбей, өзін ажал аузынан құтқарып қалғысы
келді. Аллаһ тағала да оның бұл ниетін білгендіктен:
255
«Жүніс», 10/90