Previous Page  99 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 120 Next Page
Page Background

99

Пайғамбарларға иман

десек те, мұғжиза мен ғылымның арасында айтарлықтай

байланыс бары шындық.

Айталық, мұғжизалар ғылымның даму шегін

көрсетті деуге толық негіз бар. Әр пайғамбардың

көрсеткен мұғжизасы бір ғылым саласының ең биік

жетістігіне ишара жасағандай. Мәселен, Ибраһим

пайғамбардың жалындаған отта жанбауы осы күнгі

амианттан

263

жасалған киімге ишарат болуы мүмкін.

Ал Жүсіп пайғамбар зынданда отырып құлшы-

лығын орындау үшін уақыт анықтайтын құрал ойлап

тапқан еді. Ол осы күнгі сағатқа ишарат болса керек.

Мұса пайғамбардың аса таяғын сілтеумен қайнар

бұлақтың жерді тесіп шығуы осы күнгі артезиан сула-

рына, Дәуіт пайғамбардың тауларды сөйлету арқылы

мұғжиза көрсетуі осы күнгі жаңғырық дауыс пен үн

таспаларына ишарат болса керек.

Сонымен қатар, Дәуіт пайғамбардың дәуірінде

адамдар соғыстан көз ашпайтын. Әскерлердің үстіндегі

сауыт кез келген қылышқа төтеп бере алмай қақырап,

қақ айырылатын. Сауыттар зілдей ауыр әрі қолайсыз

болатын. Дәуіт (ғ.с.) осы мәселе төңірегінде терең ойға

батады. Аллаһ тағала осы сәтте оған темір өнімдерін

балқыту мұғжизасын үйретті. Нәтижесінде пайғамбар

жеңіл әрі қолайлы сауыт жасап шығарды. Тіпті дұшпан

әскерлері де жаңа сауытқа таңырқай қараған болатын.

Бұл да осы күнгі өнеркәсіптің дамуына сілтеме болса

керек.

Сүлеймен пайғамбар мен Йемендегі Сәбә

патшасының ханшайымы Шәрахил қызы Бәлқыс

263

Отқа шыдамды амфиболдар тобының минералы, асбестің бір

түрі