102
Пайғамбарларға иман
жетістіктері қандай деңгейге жетсе де мұғжиза шегінен
аса алмайды. Бұл шектеулер тек пайғамбарларға ғана
тән. Пайғамбарлардың мұғжизалары белгілі бір шекті
меңгеріп, адамзатты сол шыңға талпындырады.
Аллаһ пайғамбарларды елші етумен бірге
адамдардың жан дүниесіне үңілуге, мұғжиза арқылы
адамдардың ой-өрісінің өсуіне, ілгерлеуіне мүмкіндік
берген. Осы арқылы қазіргі технологияның қалыптасып
дамуына жол көрсеткен тәрізді.
Ал Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
пайғамбар
дәуірінде сөз өнері ұшар шыңына жетіп, Құран түсті.
Сол кездегі от тілді, орақ ауызды сөз дүлділдері мен
ең мықты шайырлар Құранның құдіреттілігі алдын-
да қалай бас исе, одан кейін сан ғасырлар өткеніне
қарамастан адамзат баласының Құран секілді кітап жа-
сай алмауы үлкен мұғжиза. Бұл қиямет қайымға дейін
жалғаса бермек. Құранның көркем сөз кереметі ретін-
де түсуі де болашақта әлемде сөздің, білім-ғылымның
үстемдік ететінін ұқтырса керек.
Пайғамбарымыздың мұғжизасы тек Құранмен
шектеліп қалмайды. Ғаламның рақым нұры болып жі-
берілгендіктен, өзге де мұғжизалар берілген.
К
еремет
Керемет – Аллаһ тағалаға құлшылығымен бір
қадам жақын тақуа жандардың бойынан көрінетін, жа-
ратылыс заңдылығына қайшы ғажайыптар.
Мәселен, хазірет Мариямның (ғ.с.) кереметі. Ол
Құранда былайша баяндалады: