103
Пайғамбарларға иман
«Сонда оны Раббы жақсы қабылдап, көркем өсірді
және оны Зәкәрияның қарамағына берді. Зәкәрия оның
бөлмесіне әр кіргенде алдынан тағам көрді. Сонда:
«Ей, Мариям! Мыналар саған қайдан келді?» – деді.
Мариям: «Ол Аллаһтан, Аллаһ тағала қалаған құлын
есепсіз рызықтандырады», – деді».
266
Хазірет Мариям ананың бөлмесіне өзінен басқа
ешкім бас сұқпайтын. Ал алдындағы жеміс-жидектер
тек кереметтің нышаны ғана.
Сонымен қатар, ілкі заманда Тарсұс қаласындағы
Дақянус патшаның зұлымдығынан қашып, Кәһф деген
үңгірге бекінген адамдар туралы керемет те бар. Бұл
Құранда:
«(Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
) Біздің мұғжизалық
аяттарымыздың ішінен тек үңгірдегілер мен жазу-
ды (рақим) ғана таң қаларлық белгілер деп ойладың
ба? (Рақим – бұл сөзді кейбір ғұламалар үңгір болған
ауылдың атауы десе, кейбірі үңгірде болған адамдар
туралы жазылған кітаптың атауы дейді) Жас жігіт-
тер үңгірге бекінді де: Раббымыз! Бізге өз құзырыңнан
ерекше игілік бер! Бізге жәрдем бер! Біз үшін қайырлы
және Өзің разы болатын істерді бізге нәсіп ет!» деді.
266
«Әли Имран», 3/37