101
Пайғамбарларға иман
барлығы осы күнгі ұшақ, теледидар немесе ғаламтор
сияқты жаңа технологияларды табуға ишарат болса ке-
рек.
Бұған қоса, Сүлеймен пайғамбар желді бағын-
дырып, ауаны ат қып мінген, яғни Аллаһтың көмегімен
ауада ұшқан. Бұл адам баласы үшін де ауада жолы
ашық болатынын меңзейді. Олай болса, адам бала-
сы осы мәртебеге жете алады деген сөз.
265
Бәлкім, бұл
қазіргі таңдағы адам баласы Аллаһтың құдіретімен ой-
лап тапқан ұшақ болар.
Сүлеймен пайғамбарға да Аллаһ тағала
көптеген нығмет сыйлаған еді. Солардың бірі – жан-
жануарлардың тілін білу. Бұл да өз кезегінде жақсылап
ізденген жағдайда аң-құстардың да тілін білуге бола-
тынын меңзеуде. (Циркте де небір жыртқыш аңдардың
тілін тауып, қолға үйрететіндігі қазіргі уақытта ешкім-
ге таңсық емес).
Ал медицина дамыған дәуірде Иса пайғамбар емі
жоқ ауруларды сырқатынан құлан-таза айықтыратын.
Тіпті, оған өлілерді тірілту мұғжизасы да берілген еді.
Бұл медицинаны дамытуға жасалған ишарат. Мы-
салы, қазіргі медицина озық технологияларды пайдала-
на отырып, көзі көрмей қалған адамды емдеуі мүмкін.
Хадис бойынша, ажалға ғана дауа жоқ, басқа ауруларға
шипа іздеу керек. Демек, Құран қай сырқаттағы
науқас болса да емдеуге шақырып, адамзатты ғылымға
ынталандырған. Ал туа бітті соқыр, көру тамырларыжоқ
адамды емдеу немесе өліні тірілту мүмкін емес екендігі
баршаға аян. Өйткені, өмір мен өлімді жаратқан Аллаһ
тағала. Ал адамзат болса жаратылыс заңдылықтарының
шеңберінен асып кете алмайды. Ғылым мен технология
265
А.Унал, Қуран мәалі, «Әнбия», 21/81