Previous Page  96 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 120 Next Page
Page Background

96

Пайғамбарларға иман

«Сенен кейінгілерге сабақ болуы үшін денеңді

(жансыз түрде) құтқарамыз. Расында, адамдардың

көбі аяттарымыздан хабарсыз»,

256

– деген еді.

Перғауынның денесі (жансыз түрде) құтқарылса да,

мәңгілік өмірін құтқара алмаған еді.

Перғауынның суға бататынын, ақыры жағалауға

шығып қалатынынан хабар берген бұл аят мына

мағынаны да білдіріп тұр: перғауындар әулеті

реенкорнацияға (жанның денеден денеге өтуі) сенетін.

Мынадүниедемәңгі қалуыүшінденелерінмумиялатқан.

ХІХ ғасырдың соңында Ніл өзенінің жағалауында

Мұса (а.с.) дәуірінде өмір сүрген перғауынның сәждеде

жатқан мумияланбаған денесі табылды. Бұл Аллаһтың

бір мұғжизасы әрі бұл дене туралы Құран ғасырлар

бұрын баян еткен.

257

Алтыннан жасалған

258

ауыр сауыт киген перғауын

денесі теңізге батып-ақ кетуі керек еді. Бірақ Аллаһ

тағала оның денесі кейінгілерге ғибрат болсын деген

мақсатта «денеңді (жансыз түрде) құтқарамыз» деп

сақтаған еді. Теңізге батқан перғауынның денесі сон-

шама уақыттан соң жағалауға шықты. Исрайлұлдары

бұл перғауынның жансыз денесін өз көздерімен көрді.

259

Қазіргі таңда Лондонда танымал Британия

мұражайында мумиялар бөлімі бар. Мұнда әлгі

256

«Жүніс», 10/92

257

А.Унал, Қуран мәалі, «Жүніс», 10/92 (469)

258

Бәидауи, ІІІ/213

259

Сәғлаби, Қысас, 176; Замаһшари, ІІ/329; Бәидауи, Әнуар,

ІІІ/213