Previous Page  93 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 120 Next Page
Page Background

93

Пайғамбарларға иман

сыз, әлсіз, дәрменсіз күйде қалдыру» деген мағынаны

білдіреді.

250

Демек, мұғжиза – Аллаһ тағаланың ел-

шілеріне берген адам баласының қолынан келмейтін

таңғажайып істері. Сонымен қатар, мұғжиза көрсетудегі

негізгі мақсат – пайғамбарлардың пайғамбар екендігін

дәлелдеу.

Мәселен, кез келген адамның өзін растайтын

құжаты болады. Ол құжатты үнемі өзімен бірге алып

жүргенде ғана өзінің кім екенін дәлелдей алады.

Бұған қоса оқушы не студент өзін растайтын құжатын

көрсетпесе, көліктердегі жеңілдіктерді қолдана

алмайды. Дәл сол секілді мұғжиза да пайғамбарлардың

пайғамбар екендігін растайтын Аллаһтың дәлелдерінен

болып табылады.

Міне, осылайша Аллаһ тағала жер бетіндегі

мүміндердің иманын арттырып, мойынсұнбағандарды

ақиқатқа сендіру үшін және өз елшілерінің шы-

найы елші екендігін дәлелдеу мақсатында елшілері-

не бірқатар мұғжизалар берген. Соның ішінде, Құран

– пайғамбарымызға берілген теңдесі жоқ мұғжиза.

Бұл пайғамбарымыздың пайғамбарлығын дәлелдейтін

ең маңызды кітап. Мұғжиза тек пайғамбарларға ғана

берілген.

251

Мысалы, Құрандағы Нұх пайғамбарға берілген

мұғжизаға назар аударайық. Аллаһ тағала Нұхты (ғ.с.)

пайғамбар етіп жіберген еді. Тарихи деректерге қарасақ,

Нұх (ғ.с.) тоғыз жүз елу жыл бойы, яғни өмірінің

соңына дейін қауымына ақиқатты насихаттаған.

Өкінішке қарай, қауымының басым бөлігі иман етпеген.

Пайғамбар оларға:

250

Ибн Манзур, Лисанул-Араб, V/369

251

А.Лутфи Казанжы, Ислам Ақайды, Стамбул, 1995, 162-б.