Previous Page  105 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 105 / 120 Next Page
Page Background

105

Пайғамбарларға иман

1. Мұғжиза тікелей Аллаһ тағаладан келген болуы

керек. Өйткені, оны қалаушы әрі жасаушы – Хақ тағала.

Мәселен, хазірет Мұсаның аса таяғының жыланға айна-

лып кетуі, Иса пайғамбардың өлген адамдарды тірілтуі

сияқты мұғжизалар Аллаһ тағаланың қалауы және жа-

ратуы арқылы іске асады. Ал пайғамбарлар тек дәнекер

ғана.

2. Мұғжиза күнделікті өмір тіршілігінен бөлек,

табиғат заңдылықтарымен түсіндіруге келмейтін әрі

адам баласын таң қалдыратын амал болуы керек.

3. Адамдардың қарсы тұру, уәж айту мүмкіндігі

қалмауы керек. Адамдар өздерінің осал екендігін сезі-

нуі тиіс.

4. Мұғжиза Аллаһтың хақ екендігінің дәлелі ретін-

де пайғамбар тарапынан іске асуы керек.

5. Мұғжиза пайғамбарлардың сөзіне сай іске асуы

қажет.

6. Мұғжиза пайғамбардың сөзінен ерте немесе

кейін жүзеге аспайды

7. Мұғжиза көпшіліктің сұранысымен іске асады.

Ал керемет сұраныс бойынша жасалмайды.

270

Демек, кереметті мұғжизамен, ал әулиені пайғам-

барлармен салыстыра алмайды екенбіз.

И

рхас

Ирхас – пайғамбарлық міндеті жүктелгенге дейінгі

кездерде пайғамбарларда көрініс тапқан ғажайыптар.

Мәселен, хазірет Исаға бесікте тіл бітуі.

270

Журжани, Шархул Мауақиф, ІІІ/177-179