108
Пайғамбарларға иман
Ал жоғарыда Аллаһтың сүйікті құлдарымен қатар
«шайтанның әулиелері» де бар деген едік. Бұлар үнемі
Аллаһ тағаланың дініне қарсы шығады. Бұл аздай «біз-
дер дұрыс жол көрсетушіміз» деп жер бетінде бүлік
шығарады.
Егер бұл сияқты адамдардың жамандығы асқынып,
олардың қатары көбейсе, онда бұл қауымның келеше-
гі күңгірт деген сөз. Аллаһ тағала да бейғам жатқан
қауымның басындағы «шайтан әулиелердің» санын
көбейте бермек. Өйткені, бейғам жатқан қауымның өзі
осылай болғанын қалап тұр деген сөз.
Құранда:
«Кез келген елді (жазалау ретінде) жоқ еткіміз
келгенде, рахатпен ләззатқа батып өмір сүруді мақсат
еткендерге (елші дәнекерлігімен) жақсылықты (дін)
бұйырамыз. Олар бұған қарамастан күнәға батуды
тоқтатпайды. Соңында өздеріне лайық болған
жазалау үкімі жүзеге асырылады. Сөйтіп ол елді
жермен-жексен етеміз»
,
275
– дейді.
Мәселен, Нұх (ғ.с.) 950 жылдық ғұмырын ақиқатқа
арнаған. Нұх (ғ.с.) қауымының ақиқатқа бет бұруы
үшін осыншама уақыт мұрсат берілген. Бірақ, олар
өздерін өлмейтіндей көріп, есепке тартылмайтындай
сезінгендіктен, Хақ тағала оларды топан сумен
жазалаған еді.
275
«Исра», 17/16