80
Пайғамбарларға иман
өзіне қарсы шыққан Халид, Уахши, Әбу Суфиян,
Хинд, Икримә және Сафуан сияқты замандастарының
да жүректерін жылы лебізбен тербеген еді. Олардың
да мәңгі бақытты болуы үшін жаны жай таппай, тура
жолға үнемі шақырумен болды. Оларға жаны ашып,
жақын тартқандығы соншалық, тіпті өз жанын құрбан
етуге де дайын еді.
Айша анамыздан пайғамбарымыздың мінез-құлқы
жайлы сұралғанда: «
Сендер Құран оқымайсыңдар ма?
Оның мінез-құлқыҚұран ғой
»,
208
- деп бір-ақ ауыз сөзбен
түйіндеп жауап берген еді. Яғни, пайғамбарымыздың
мінез-құлқы – Құранның тәлім берген сүттен ақ, судан
таза ұстанымдарының жиынтығы болатын.
П
айғамбарымыздың пайғамбарлығының
дәлелдері:
Қ
ұран-Кәрім
Үмми пайғамбардың пайғамбарлығына бірден-бір
көрсеткен дәлелі қолындағы Құран еді. Өйткені Құдай
сөзі сол уақыттардағы небір мықты шайырлардың
сөздеріне ұқсамаған. Сол себепті сөз құдіретін
түсінгендер дереу Құран аяттарын естігенде сәждеге
жығылып, оның адам сөзі еместігін мойындаған. Құран
– Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
пайғамбарлығын
қиямет қайымға дейін растайтын мұғжизалардың бірі.
Құран «Қаласаңдар, Құранға ұқсас сүре
тудырыңдар» десе де Мекке мүшріктері Құранға ұқсас
бір сүре тудыра алмады. Бұл Құранда:
208
Муслим, Мусафирин, 139