76
Пайғамбарларға иман
– Пайғамбарым! Әлемнің патшалары байлыққа
бөгіп, шалқып өмір сүріп жатқанда, басыңызға ши
төсеніпсіз. Ши тәніңізге батқандықтан, жүзіңізде іздері
қалып қойыпты?! – деді.
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сонда: «Омар, мына
дүние олардың, ал ақырет біздікі болуын қаламайтын
ба едің!?» – деп жауап айтады.
Аллаһ елшісінің тағы бір асыл қасиеттерінің бірі –
сенімді (Әмин) әрі турашылдығы болатын.
Пайғамбарлық қонғанға дейін де ол осы мінезінен
танбаған. Қырық жасқа келіп, пайғамбарлық міндет
жүктелгенге дейін ел ішінде ең сенімді тұлға ретінде
танылған.
Меккеліктерден кез келген біреуі сапарға аттанар-
да, ең құнды затын Пайғамбарымызға ғана аманаттай-
тын. Өйткені сол қоғамда аманатқа қылдай қиянаты
жоқ бірден-бір сенімді кісі Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
еді.
Оның сенімділігіне сол кезде болған мына бір
оқиға да дәлел.
Қағба жөндеуден өтіп, ендігі кезек қасиетті қара
тасты орнына қайта қою болатын. Алайда нақ осы қара
тасты қоюға келгенде үлкен талас туды. Тайпалар өзара
қызылкеңірдек болысып, ортақ бір мәмілеге келісе ал-
май көп тұрды. Тіпті қындағы қылышқа жүгінгісі кел-
гендер де шықты. Соңында «Қағбаға қазір кім бірінші
болып кірсе, соның берген үкіміне разылық танытайық»
дегенге тоқталысты. Бәрі өрекпіген көңілмен Қағбаға
аяңдап келе жатқан адамның кім екенін тосты.
Пайғамбарымыздың бұдан хабарыжоқ болатын. Сәлден
кейін қарасы көрінген жанның өздері «Әл-әмин» яғни
«сенімді»деп атағанМұхаммед
(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)
екенін