81
Пайғамбарларға иман
«(Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
) Егер адамдар
және жындар жабылып осы Құранның ұқсасын жасау
мақсатында бір-біріне көмекші болса да (ондай кере-
мет) келтіре алмайды де»
,
209
– деп, тіпті адам баласына
жындар көмекке келсе де бәрібір Құранның бір сүресін
де жаза алмайтындықтары білдірілген. Осындай тыл-
сым күшіне қарай әрбір аяттың өзі мұғжиза саналады.
Өйткені осы күнге дейін ешбір адам баласы мен жын
болмысы Құранға тең келер бір аят та жаза алмады. Бұл
жайтты Аллаһ тағала:
«Егер оны жасай алмасаңдар (қазір келті-
ре алмасаңдар болашақта) мүлдем жасай алмай-
сыңдар»
,
210
– деп баян еткен.
П
айғамбарымыздың болашаққа қатысты
айтқан хабарлары
Жалпы адам баласы ғайып пен болашақ былай
тұрсын, өзі өмір сүріп жатқан дәуірдің тынысын сез-
бей, иегінің астындағы кейбір оқиғалардың себеп-
салдарын білмей жатады. Құран сөзімен айтқанда,
ғайыпты Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Тек Аллаһтың
қалауымен, білдіруімен нәби, расул және салиқалы,
жүрек көзі ашық жандар ғана біле алады. Құрандағы:
209
«Исра», 17/88
210
«Бақара», 2/24