Previous Page  78 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 120 Next Page
Page Background

78

Пайғамбарларға иман

П

айғамбарымыз адалдықты ұнатты

Бірде базарға соқты. Бір дүкеннің алдына барғанда,

сатуға қойылған қап-қап бидайларды көрді. Дереу бір

қапқа қолын бойлатып сұғып көрді. Қаптың бетін-

дегі бидайлар ірі-ірі, таза, сапасы жақсы бидайлар

болғанмен, астыңғы жағы дымқыл тартқан сапасы

нашарлау бидайлар екен. Қабағын түйіп, сатушыдан

мұның мәнісін сұрады. Ол: – Мен бұлай істемесем,

бидайымды өткізе алмаймын ғой,– дегенінде, – Елді

алдаған адам бізден аулақ жүрсін,– деп тыйып тастады.

Сөйтті де дереу қаптың төменгі жағындағы бидайлар-

ды елге көрінетіндей ғып бетіне шығартты.

Иә, бұндай көркем мінездің үлгілері оның өмірінде

көп кездесті.

Жалпы алғанда, адам баласының көркем мінезге

ие болуы оның қоршаған ортасына байланысты. Әйтсе

де, осы шындықты пайғамбарымызға қатысты айта ал-

маймыз. Неге десеңіз, сүйікті пайғамбарымыз буыны

бекіп, бұғанасы қатпай жатып, әке-шешесінен айрылып

қалды. Оның балалық әрі жастық шағы жылмаңдап ал-

дап кетуді ақыл көретін, қорқау секілді өз қорасына

шабатын заманға тап келді. Нәресте қыздарын тірі-

дей көметін қатігездік бар еді. Мұндай ұйыққа тартып

ұйыған дәуірде адамдарды көркем мінезге тәрбиелеу

мүмкін емес еді.

Кез келген адам өз күшімен топ жарып, ерлік

көрсетіп, я болмаса екінің бірінің қолынан келмей-

тін істің басын қайырып, төске шауып төрге озуы

мүмкін. Алайда ол қолға алған кез келген саланы бес

саусағындай игеріп, дөңгелетіп әкете алмайды. Қандай

да бір кәсіпті үйренудің өзіне қаншама жылдар керек.

Медицинаның, социологияның, т.б. салалардың ұшар